"Буллингтің, кибербуллингтің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жолдары" » Қарабұлақ орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Буллингтің, кибербуллингтің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жолдары"
02
март
2023

"Буллингтің, кибербуллингтің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жолдары"

2023 жылдың наурыз айының 2 күні Қарабұлақ орта мектебінде "Буллингтің, кибербуллингтің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жолдары" тақырыбында 8-11 сыныптар аралығында конференция өткізілді. Конференцияны ұйымдастырушылар мектеп психологтары Лебедева И.Ю, Жумагулова М.О. Конференцияға оқушыларға ақпарат беру мақсатында аудан прокуратурасының прокуроры Билибеков Нұрлан Айдарбекұлы, Ескелді АПБ – нің ЖПҚБ –нің инспекторы полиция капитаны   - Исанов Медет Саматович, АПБ – нің ЖПҚБ –нің инспекторы полиция капитаны Бауыржанұлы Ернұр, аудандық орталық ауруханасының нарколог - дәрігері  Сулейменова Кенже Оспановна, білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Занигинова Дана Кеңесовна шақыртылды. Конференция барысында оқушыларға буллингтің алдын алу мақсатында бейнежазба көрсетіліп, оқушылардың пікірі сұралды. Прокуратура қызметкері, АПБ-нің қызметкерлері баланың қауіпсіздігін сақтау, кешкі уақытта ата-анасының намасе заңды өкілінің қарауынсыз жүрмеу жайлы, зиянды заттарды қолданбауды, оның ішінде нашақорлық, темекі, электрондық шылым, алкогольдік сусындарды қолданбау жайлы ақпараттар ұсынды. Сонымен қатар баптармен таныстырып өтті.  Дәрігерлер баланың өміріне қауіпті синтетикалық заттарды қолданбау, энергетикалық сусындар, темекі мен нашаның зияны жайлы бейнежазба ұсынып, ақпарат берілді. Жеке бас тазалығын сақтау өте маңызды екенін түсіндірді. Мектеп психологтары мектептегі, сырттағы буллинг, кибербуллингті болдырмау жолдарымен таныстырып, конференция соңында "Буллингке жол жоқ" жаднамасын оқушыларға толтыртты. Осындай әрекеттердің салдары аутодеструктивті мінез-құлыққа алып келетінін оқушылар толықтай түсінді.













Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив