«Ескелді ауданы әкімдігінің Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қамқоршылық кеңес отырысы » Қарабұлақ орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ескелді ауданы әкімдігінің Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қамқоршылық кеңес отырысы
10
июль
2020

«Ескелді ауданы әкімдігінің Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қамқоршылық кеңес отырысы

«Ескелді ауданы әкімдігінің Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Қамқоршылық кеңес отырысы
хаттама № 1
[/u]
Қарабұлақ ауылы 29.08.2019ж.

Қатысқандар: Мектеп ұжымы, 25 ата-ана

Күн тәртібіндегі мәселелер:

1. 2019-2020 оқу жылында қамқоршылық кеңесін құру, жұмыс жоспарын талқылау
2. «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларының қорытындысы
3. Аз қамтылған оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 2019-2020 оқу жылында қамқоршылық кеңестің төрайымы мен мүшелері сайланды. Қамқоршылық кеңсінде 8 мүше және төрайым сайланды. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Абдыкарымова Динара Амантайқызына сөз беріліп, 2019-2020 жылдағы қамқорщылық кеңесінің жұмыс жоспарымен таныстырды.
Екінші мәселе бойынша комиссия төрағасы Баяхан А. Ы. өз сөзінде: Балалардың толық оқуға қамтылуын, оқу құралдары мен қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы өткізілді. Биылғы жылы акция әлеуметтік бағыттағы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» атты ұранмен өтті. Мүмкіндігінше қол ұшын беріп, өз көмектерін көрсетті. Осы акция аясында жалпыға білім беру қорынан 26 оқушыға 116843тг көлемінде мектепке қажетті сөмке және кеңсе құралдары таратылды. Олар оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуларына жағдай жасалды. Аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, спонсорлық көмек көрсету барысында жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 52 оқушыға кеңсе тауарлары 154000тг сомма көлемінде көмек көрсетілді.
Үшінші мәселе бойынша мектеп оқушыларының жекелеген санаттары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған оқушылар туралы айтты. Мектепте 69 оқушы ыстық тамақпен қамтылады, оның 20-ы жалдаушы есебінен, 49-ы жалпыға білім беру қорынан тамақтанады. Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері асханадағы тазалық, ыстық тамақ берудің тәртібі, азық-түліктің сақталуы және т.б жұмыстар бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілетінін айтып өтті.

Шешімі:
• Жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларынан түскен қаржының жұмсалуы қанағаттанарлық деп танылсын.
• Тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған отбасында мемлекеттік бюджеттен берілген қаржының жұмсалуы қанағаттанарлық .
• Мектептке тегін бір мезгіл ыстық тамақпен білім алушылардың тамақтануын уақытылы бақыланып отырсын.



Қамқоршылық кеңестің төрайымы: Д.А.Абдыкаримова























«Ескелді ауданы әкімдігінің Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Қамқоршылық кеңес отырысының
Хаттамасы № 2


Қарабұлақ ауылы 23.12.2019ж.

Қатысқандар: Мектеп директоры А. Ы. Баяхан, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Д.А.Абдыкаримова, Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. М. Раимбекова, әлеуметтік педагог Н. Т. Тумарбек.

Күн тәртібіндегі мәселелер:
4. Мектептің әлеуметтік жағдайын талқылау
5. Жаңа жыл мерекесіне орай мерекелік шаралар ұйымдастыру
6. Қамқоршылық Кеңесінің І – жарты жылдықта атқарған жұмысы жөнінде есебі

Тыңдалды:
Жиналысты қамқоршылық кеңесінің төрайымы Абдыкаримова Динара Амантаевна ашып, келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, жаңа жылда жаңа табыс, мол бақыт, еңбектеріне жеміс, отбасыларына амандық тілеп жиналысты бастады. Бүгінгі отырыстың күн тәртібімен таныстырып, мектеп директорының жарты жылдық есебін тыңдауды ұсынды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша, мектептің әлеуметтік жағдайы талқыланды. Көмекке мұқтаж оқушылар мен көмек көрсетілген отбасыларды айтты. Мектебімізде, 2019 – 2020 оқу жылы бойынша мектептің әлеуметтік жағдайы: жартылай жетім оқушылар: әкесі қайтыс болған – 11; анасы қайтыс болған – 1; толық емес отбасы оқушылары: 76 отбасы – 84 оқушы, көп балалы отбасы оқушылары: 33 отбасы - 146 оқушы, аз қамтылған отбасы оқушылары: 85 отбасы – 168 оқушы бар екенін айтты. Оларға «Мектепке жол» акциясы бойынша Қамқоршылық кеңес есебінен 52 оқушыға 154 000тг көмек көрсетілгендігін, сонымен бірге, мектебіміздің ата-аналары тарапынан, мектебімізге демеуші болып жүрген жеке кәсіпкерлердің тарапынан аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсетілгендігін айтты. Кеңес мүшелері ортаға өз ойларын салып, ұсыныстарымен бөлісті. Әлеуметтік статустағы оқушылардың жағдайы ескеріліп, көрсетілетін көмектің әр түрлі нұсқалары талқыланды. Көмектің қаншалықты тиімді әрі сәтті ұйымдастырылып жатқаны жөнінде пікірлерімен бөлісті.
Екінші мәселе бойынша, мектеп директоры А.Ы.Баяхан жүргізілетін жұмыс бойынша баяндады. Қамқоршылық кеңестің мүшелері ортаға өз ойларын салып, бөлісті. Жаңа жыл, ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын мереке. Мерекелік іс-шараға барлық оқушылар қатысу қажет. Арнайы дайындалған мерекелік бағдарлама ұсынылды. Оқушылар шыршаны айнала ән айтып, би билеп, Аяз ата мен Ақ¬шақар¬ға өз өнерлерін көрсетеді. Жиналыста жаңа жылды ұйымдастыру, мектепті жаңа жылға әсемдеу, оқушыларға сыйлық беру, Аяз атаның киімі т.б. мәселелер қарастырылды.
Үшінші мәселе бойынша, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы сөз алды. Бүгінгі таңдағы қамқоршылық кеңестің міндеті – қосымша қаражат көзін қарастыру, материалдық-техникалық базасын көтеру екенін айтты. Қамқоршылық кеңес акциялардан түскен қаржы, қайырымдылық шоттарға аударылатын қаржыларды бақылауда ұстайды деді. Жетім, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсету, қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстары жөнінде ақпарат ұсынды. 10 000 тг көлемінде мектебімізге 3 баннер жасалынды. Сонымен қатар, Қамқоршылық Кеңес есебінен әлеуметтік статустағы оқушыларға экскурсия ұйымдастырылып, Н. Алдабергенов атындағы мұражайға, М. Тынышпаев атындағы мұражайына, сурет галереясына алып барды. Экскурсия кезінде оқушылар арнайы автобуспен, тамақпен қамтамасыз етілді. Балалардың көңіл-күйлері көтеріліп, демалысы сәтті ұйымдастырылды. Экскурсияға жалпы соммасы 30 000 тг жұмсалды.
Әлеуметтік статустағы балаларға көмек көрсетілу, тегін оқулықтармен және ыстық тамақпен қамтамасыз етуі қадағаланды. Қамқоршылық Кеңесі жұмысын жүйелі түрде жүргізуде. Әлі де өз жұмысын жалғастыратын болады.

Шешімі:

• Мектептің әлеуметтік статусы әр ай сайын қадағаланып отырсын.
• Мектепті жаңа жылға дайындауға көмек көрсетілсін.
• Қамқоршылық кеңесінің атқарылған жұмысы бойынша берілген есебі қанағаттанарлық деп есептелінсін.


Қамқоршылық кеңестің төрайымы: Д.А.Абдыкаримова









«Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын
орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қамқоршылық кеңесінің» отырысының
Хаттамасы № 3



10. 02. 2020 жыл Қарабұлақ ауылы

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Абдикаримова Д, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, мектеп директоры А. Баяхан, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж. М. Раимбекова,
әлеуметтік педагог Н. Т. Тумарбек.

Күн тәртібінде:
1. Кәмелет жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу.
2. Қамқорлық акциясын ұйымдастыру
3. Бюджеттен тыс шағын кәсіпкерлерді тарту, оларды пайдалану жолдарын қарастыру.
Тыңдалды:
І мәселе тақырыбы бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырғандығы баршаңызға белгілі. Кәмелет жасқа толмаған оқушылардың әр түрлі қылмыс жасамауын, түнгі уақытта беймезгіл жүрмеуін қадағалау мақсатында түнгі рейдтер үнемі ұйымдастырылып отырғанын ескертті. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың мәселесі белең алуда екені, кикілжіңі, топ құрып қақтығысуы, бірін-бірі сыйламауы сияқты іс-әрекеттер өте қарқынды түрде дамып келе жатыр.
ІІ мәселе бойынша, «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру жоспарымен танысу, мектептегі аз қамтылған, көпбалалы отбасындағы балаларға көмек көрсету шарасына ат салысу.
ІІІ мәселе бойынша, кеңес мүшесі Ғаниқызы Шайзада сөз алды. Мектебіміздің әртүрлі негізгі бағыттар бойынша дамуын ұйымдастыруға үлесімізді қосуымыз керек деді. Нақтырақ айтқанда, оқу сапасын арттыруға көмек ретінде оқушылар арасында түрлі сайыстардың ұйымдастырылуына үлес қосып, мектеп әкімшілігіне сұраныс тастауымыз керек. Сонымен қатар, мектептің әлеуметтік жағдайын да естен шығармауымыз керек деді. Ол үшін, оқушылардың отбасыларының әлеуметтік категорияларын анықтап, оларға түрлі көмектер ұйымдастыруымыз керек деді.


Шешімі:
1. Бірінші мәселе бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыс әлі де жалғастырылсын.
2. Екінші мәселе бойынша «Қамқорлық» акциясына демеушілер тартылсын .
3. Кеңестің мектептің дамуына атсалысып атқарып отырған жұмыстары ары қарай өз жалғасын тапсын.
4. Кеңес мүшелері өздеріне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарасын.


Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Д. Абдыкаримова


























«Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын
орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қамқоршылық кеңесінің» отырысының
Хаттамасы № 4
[u]



20. 05. 2020 жыл Қарабұлақ ауылы

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Абдикаримова Д, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, мектеп директоры А. Баяхан, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж. М. Раимбекова,
әлеуметтік педагог Н. Т. Тумарбек.

Күн тәртібінде:
1. Қамқоршылық Кеңесінің атқарған жұмысының жылдық есебі
2. Әлеуметтік категориядағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруды талқылау
Тыңдалды:
Қамқоршылық Кеңесінің №4 отырысы елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты, қашықтықтан ZOOM конференциясы арқылы өткізілді. Алғашқы сөзді мектеп директоры А. Баяхан алып, Қамқоршылық Кеңесінің 2019-2020 оқу жылындағы атқарылған барлық жұмыстарына шолу жасап өтті. Оқу жылының басынан бастап Кеңес мүшелері жоспар бойынша белгіленген жұмыстарды уақытылы және нәтижелі жүргізгенін айтты, Кеңес отырыстары өткізіліп, жыл бойы әлеуметтік категориядағы оқушылардың, оның ішінде аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасынан шыққан оқушыларға ұйымдастырылған көмектерді атап өтті. Ол Жалпыға бірдей білім беру қорының, сонымен қатар Қамқоршылық Кеңесінің бюджеттен тыс кәсіпкерлерді тартуының нәтижесінде көрсетілген көмектер, Сонымен қатар оқушылардың сабақтан тыс өткізетін уақыттары да бақыланып, жүйелі жұмыстар жүргізілді (экскурсиялар, рейдтер және т.б) Әлеуметтік категориядағы оқушылардың, және оның ішінде үйден оқытылатын, инклюзивті білім алатын оқушылар да назардан тыс қалмай, оқу жылында мектеп құрал-жабдықтарымен, киіммен, және де тегін ыстық тамақпен қамтылуы, басқа да қажеттіліктері ескеріліп, үнемі қадағаланып отырды.
Келесі сөз кезегінде Қамқоршылық Кеңес төрайымы Абдыкаримова Динара Амантаевна, қашықтықтан білім беру уақытындағы Кеңестің атқарған жұмыстарын айтып өтті. Қамқоршылық Кеңесі мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, қашықтықтан оқуға мүлдем мүмкіндігі жоқ оқушыларға мектеп тарапынан оқуға қажетті ноутбуктар таратылғанын айтты.
Үшінші мәселе бойынша, Қамқоршылық Кеңесі «Жалпыға білім беру» қорынан жазғы лагерьге баратын оқушылардың тізімі анықтап, жағдайы төмен, көп балалы, толық емес отбасынан шыққан 15 оқушының тізімін бекітіп, жолдама берді.
Қамқоршылық Кеңестің қызметі Қарабұлақ мектебінің материалдық базасын жақсартуға, мектептің қызметі мен дамуын қолдауға, оқушылардың оқу жағдайларын жақсартуға қосымша ресурстар тартуға мүмкіндік берді.


Шешімі:
1. Бірінші мәселе бойынша, Қамқоршылық Кеңесінің жылдық есебі қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Екінші мәселе бойынша, оқушылардың жазғы демалыс Кеңес мүшелерінің назарынан тыс қалмасын
3. Кеңестің мектептің дамуына атсалысып атқарып отырған жұмыстары ары қарай өз жалғасын тапсын.


Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Д. Абдыкаримова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив