10
март
2020
«Мектеп асханасы» республикалық акциясы
«Ескелді ауданы әкімдігінің Қарабұлақ орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» отдела образования Кербулакского района
«Мектеп асханасы» республикалық акциясы аясында
атқарылған жұмыстар туралы
МӘЛІМЕТ
2019-2020 оқу жылы
«Мектеп асханасы» республикалық акциясы аясында
атқарылған жұмыстар туралы
МӘЛІМЕТ
2019-2020 оқу жылы
Қарабұлақ орта мектебінде 2019-2020 оқу жылында 27қаңтар-27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық акциясы өткізілуде. Акция барысында «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, мектеп асханасының перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуі, азық түліктің сапасы, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, оқушылардың ыстық тамақтың қамтылуы, күнделікті ас мәзірінің нормаға сай берілуіне мектепішілік комиссия бақылау жұмыстарын жүргізді.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды қоғамдық және ыстық тамақпен қамту, сонымен бірге балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау және нығайту мақсатында Қарабұлақ орта мектебінде қоғамдық және ыстық тамақпен қамтамасыз ету өз деңгейінде қолға алынған. Жалпы мектепте бала саны – 507, оның ішінде тегін ыстық тамақпен 74 оқушы, 54-і жалпыға бірдей білім беру қорынан, 20 оқушы жалдаушы тарапынан (арендатор) тамақтамасыз етілген.
Барлық құжаттар рәсімделген, келісім шарт, аудандық МСЭҚБ-нің рұқсаты бар. Мектеп асханасын білікті аспазшы Р.Қ.Сарымсақова жалға алған. Аспазшының кәсіби дайындығы, еңбек өтілі, тәжірибесі бар.
Сонымен қатар, оқушыларды ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру мен сапасын тексеру бойынша комиссия құрылды. Олар ас әзірлейтін блоктың санитарлық жағдайы мен ыдыс жуу құралдарының барлығын тексереді.
Асхана жұмысы қанағаттанарлық деп есептелінді. Ас мәзірі күнделікті мектеп директорларымен бекітіліп, мектеп медбикесімен қадағаланып отырады. Мектеп асханасы санаториялық талаптарға сай, оқушылар мен ата-ана көңілінен шығуда. «Мектеп асханасы» республикалық акциясы жалғасын табады.