Жас маманмен жасалған жұмыс » Қарабұлақ орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » » Жас маманмен жасалған жұмыс
20
март
2022

Жас маманмен жасалған жұмыс

Ескелді ауданы Қарабұлақ орта мектебінің  
биология пәні мұғалімі жас маман Ділдебай Гүлназ Бейсенханқызымен   
атқарылатын жұмыс туралы мәлімет 
 
Тәлімгері: А.Калиолданова 
2021-2022 оқу жылы 
1-жарты жылдық 
Оқу жылының басынан бастап мектеп басшылығымен жас маманмен жұмыс жоспары құрылды. Жас  маман: Ділдебай Гүлназ Бейсенханқызы – биология пәні мұғалімі. Тәлімгер  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, жоғары санатты Калиолданова Айнур Сагатаевна бекітілді.  
Жас маманмен жұмыс жоспарының мақсаты- жас маманның  теориялық білім, білігін  практикамен  ұштастыру, кәсіби  шеберлігін  шыңдауға  ықпал ету болды.   
Жас маманмен жұмыс жоспары 3 кезең арқылы жүзеге асады. 
1-кезең: 
1.Жас маман туралы мәлімет толтыру 
2. Сауалнама алу 
3. 2021-2022 оқу жылына тәлімгерлік жоспарын құру.  
2-кезең: Бекітілген жоспар бойынша кәсіби даму және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізу. 
3-кезең: Оқу жылының қорытындысы бойынша педагогикалық кеңестің отырысына тәлімгерлік нәтижелері туралы есеп дайындау, практиканы жетілдіру үшін ұсынымдар беру. 
       Оқу жылының басында жас маманның бастапқы қажеттіліктерін анықтау және әдістемелік жұмыстың түрін таңдау мақсатында сауалнама алынды. 
Нормативті-құқықтық құжаттармен таныстырып, Календарьлік-тақырыптық жоспарды құру, оқу бағдарламасы мен оқу мақсаттарын жүзеге асыру, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру т.б. туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 
C:\Users\usa\Downloads\WhatsApp Image 2022-01-11 at 13.38.16 (1).jpeg 
Сонымен қатар жас мұғалімге  үздіксіз білім берудегі қажеттіліктеріне  жақыннан  жәрдем  беру, қиындық келтіретін мәселелерді  шешу  амалдарын  көрсету, көмек көрсету мақсатында жұмыстар жасалды. 
Жас маманға оқушыларды білім беру мен тәрбиелеуде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануын қалыптастыру мақсатында жаңаша әдіс-тәсілдердің түрлері көрсетіліп, олардың өзіндік ерекшеліктері түсіндірілді. 
Күнделік кз сайтында КТЖ толтыру, күнделікті журналды жүргізу, қалыптастырушы баға қою,  БЖБ, ТЖБ бағаларын қою, сынып бойынша журнал реттеу т.б. жас маманға түсіндірілді.  
 
C:\Users\usa\Downloads\WhatsApp Image 2022-01-11 at 13.38.15.jpeg      C:\Users\usa\Downloads\WhatsApp Image 2022-01-11 at 13.38.16.jpeg 
 
Жас маман Гүлназ Бейсенханқызы тәлімгері А.Калиолданованың сабақтарына қатысып, оқушылармен жұмыс жасау, домтапсырмасын сұрау, күнделікті қалыптастырушы бағалау т.б. көріп, өзіне тәжірибе жинақтады. 
Тәлімгері де жас маманның сабақтарына қатысып, үнемі әдістемелік  тұрғыдан көмек беріп отырды. 
 
C:\Users\usa\Downloads\WhatsApp Image 2021-12-09 at 16.48.43.jpeg    C:\Users\usa\Downloads\WhatsApp Image 2021-12-09 at 16.49.59.jpeg 
C:\Users\usa\Downloads\WhatsApp Image 2021-12-09 at 16.47.01.jpeg   C:\Users\usa\Downloads\WhatsApp Image 2021-12-09 at 16.44.34.jpeg 
 
C:\Users\usa\Downloads\WhatsApp Image 2021-12-09 at 16.31.19.jpeg  C:\Users\usa\Downloads\WhatsApp Image 2021-12-09 at 16.20.21.jpeg 
Пән апталығында жас маман 8б сыныбымен ашық сабақ көрсетті. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тәлімгермен бірлесе отырып құрып, оқу мақсатын жүзеге асыру мен тақырыпты меңгерту мақсатында бірнеше әдіс-тәсілдер қолданылды.  
C:\Users\usa\Downloads\WhatsApp Image 2021-12-09 at 16.44.16.jpeg  C:\Users\usa\Downloads\WhatsApp Image 2021-12-09 at 16.45.14.jpeg 
 
        
 
Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысып, жеке, топтық жұмыстар жүргізілді. Сабаққа қатысқан мұғалімдер жас маманның алғашқы сабағына оң көзқарастарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.  
    
    
 
                          Жас маманның сабағын талдау сәтінде 
       
Жас маман Гүлназ Бейсенханқызы 5 «А» сыныбына сынып жетекшілік етеді. Соған байланысты тәрбие сағаттарын жүргізу, сынып оқушыларын қадағалау, сынып оқушыларының ата-аналарымен қарым-қатынас жасау т.б. түсіндірілді, тәлімгер өз іс-тәжірибесімен де бөлісті. 
Тәлімгер А.Калиолданова жас маманның сабақтарына қатысып, сабақ кезеңдеріне сай әдістерді орынды қолдану мен сынып оқушыларының барлығын сабаққа тарту қажеттігін ескертті. 
    
          Жас маман Гүлназ Бейсенханқызы мектепішілік коучингтерге де белсене қатысып, топтық жұмыстарда өзін өте белсенді көрсете білді. Өз ойын еркін айтып, педагогикалық көзқарасын таныта алды. 
       
 
      
Тәлімгер әдістемелік тұрғыдан көмек бере отырып, сынып оқушыларымен жұмыс жасауда жұптық, топтық жұмыстарда қалыптастырушы бағалауды дұрыс жүзеге асыруды үйретті. 
Бөлім бойынша бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауды дұрыс жүзеге асыруды қадағалап, сынып оқушыларының білім сапасына көңіл бөлуді түсіндірді. 
 
 
Тәлімгер      А.Калиолданова 
 
 
      
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив