21
январь
2025
Раимбекова Жанета Мырзатаевна
ӨМІРБАЯНРаимбекова Жанета Мырзатаевна 14.05.1969 жылы Алматы облысы Талдықорған ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келді.
1976 жылы Қарабұлақ орта мектебіне бастауыш сыныпқа барып, 1986 жылы аталған мектепті бітірді.
Білімі жоғары, 1986 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша күндізгі бөлімге түсіп, 1993 жылы орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді.
Алғашқы еңбек жолын 1988 жылы Крупский атындағы орта мектепте мұғалім болып бастап, 1991 жылы Қарабұлақ орта мектебіне ауысып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде 27 жыл бойы еңбек етті.
Жалпы еңбек өтілі – 36 жыл, сонымен қатар осы мектепте еңбек өтілі – 33 жылды құрайды.
Санаты – педагог-зерттеуші, 1 деңгейлі тренер, жалпы білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша тренер.
Жанета Мызатаевна өзі білімін үнемі жетілдіру үстінде, оған дәлел иеленген сертификаттары мен куәліктері. Аудандық, облыстық және Министрлік мадақтама Грамоталары, Алғыс хаттарымен марапатталып, «Тәуелсіздікке 30 жыл» төсбелгісін иеленді.
09.11.2023 жылы «Жетісу облысы білім басқармасының «Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарабұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры лауазымына тағайындалды.