28
январь
2022
«Дебат» қозғалысы жобасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ 2021-2022 оқу жылы
«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің «Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі
шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
«Дебат» қозғалысы жобасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы
АҚПАРАТ
2021-2022 оқу жылы
Қарабұлақ орта мектебінде «Дебат» қозғалысы жобасын іске асыру мақсатында жұмыстар жүргізілді. Мектебіміздің оқушылары «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық турниріне қатысты. Мектебімізде «Элита» дебаттық клубы жұмыс жасайды. Оның ішінде қазақ лигасы, орыс лигасы және ағылшын лигасы бар.
«Қазақ лигасының» жетекшісі Калиолданова А.С. Оқу жылының басынан пікірсайыс клубының жылдық жоспары құрылып, мектеп басшылығымен бекітілді. Пікірсайысқа қатысатын оқушыларға дебат туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жұмыс жоспары мен тақырыптары таныстырылды.
Алғашқы пікірсайыс «Қазақстандық мектептерде 1-сыныптан бастап үштілділік саясатты қолдайды» атты тақырыпта ұйымдастырылып, оқушылар екі жақты көзқараста өз ойларымен бөлісті.
«Балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігіне (кіруіне) ата-аналардың бақылауы» тақырыбындағы пікірсайыста бір топ әлеуметтік желінің пайдасы мен мүмкіндігін айтса, екінші топ оның зияны мен келтіретін шығыны жайлы нақты аргументтер арқылы ойларын ортаға салды.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша істерде жәбірленушіге арызды қайтарып алуға тыйым салынады», «Компаниялар экологиялық зиян туғызған жағдайда шығыннан бөлек артық салық төлеу керек деп есептейді», «Ғалымдар экологиялық апаттардың салдарын асыра сілтеп көрсету керек деп есептейді» тақырыптары бойынша пікірсайыстар жүргізілді.
Осы пікірсайыстар арқылы сынып оқушыларының ой-өрісі мен ойлам-толғамдары, қоғамға сай көзқарастары, пікірлері талданды.
«Орыс лигасының» жетекшісі орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ким Татьяна Павловна. Орыс лигасы ақпан айында аудандық пікірсайыс турниріне қатысты. 01 - 02.02.2022 ж. Аудандық пікірсайыс турнирінде оппозицияның атынан Бақтыбай мектебінің командасы, біздің команда парламент (Үкімет) атынан сөз сөйледі. Оқушылар шешендік қасиеттерін жақсы көрсетті, өйткені олар резолюция материалдарын жақсы меңгерген.
Оқушылар келесі тақырыптар бойынша пікірталасқа түсті:
Ойын тақырыбы 1 тур (онлайн)
1. ЭП керексіз тағамға салық енгізеді
2. ЭП ата-аналар балаларының әлеуметтік желілердегі аккаунттарына кіре алуы керек деп санайды.
2 тур (онлайн)
1. ЭП жоғары білімі жоқ кәсіпкерлердің сәттілік тарихының кең таралуына қарсы.
2. ЭП пандемия жағдайында Қазақстан азаматтарын міндетті түрде вакцинациялау ақталған деп есептейді.
Пікірсайыс турнирінің орыс лигасы бойынша ауданның 8 командасы қатысты. Бірінші ойынның нәтижесі бойынша ең аз балл жинаған 2 команда - Жалғызағаш мектебі және К.Шестаков орта мектебі болды. Екінші ойынға 6 команда қатысты. 2 ойынның нәтижесі бойынша ең аз ұпай жинаған командалар шығып қалды (Баисов ОМ, Қаблиса Жырау ОМ), екінші турға 4 команда шықты.
2 турдың нәтижелері бойынша:
1 орын-Алдабергенова ОМ
2 орын - Қаратал ОМ
3 орын-Қарабұлақ ОМ, Бақтыбай ОМ
«Ағылшын лигасының» жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бекдисинова Ж.П. Ағылшын тілін үйренуде де дебаттың пайдасы орасан зор. Олар:
Төмендегі тақырыптар бойынша дебатқа дайындық жұмыстары жүргізілді.
Дебатқа дайындық барысында оқушылармен топтық, жұппен жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың сөздік қорын дамыту үшін, әр түрлі қызықты тапсырмалар, ойындар ұйымдастырылды.
Алдағы уақытта оқушылардың аудандық, облыстық дебат турнирлеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болатынына сенеміз.
Мектеп директоры: А.Баяхан

- Оқушы дебат дайындалу барысында көптеген жаңа сөздермен танысып, еріксіз жаттап алады;
- Грамматика тұрғысында сөйлемді дұрыс құруға үйренеді;
- Фонетикалық дыбыстарды дыбыстауға жаттығып, тез сөйлеп, тез ойлануына ықпалдасады;
- Оқушылардың сабаққа, жалпы ағылшын тілін меңгеруге деген ынтасын жоғарлатады:
- Өз ойларын ағылшын тілінде жеткізіп «Сөйлеу» дағдылары дамиды.
Төмендегі тақырыптар бойынша дебатқа дайындық жұмыстары жүргізілді.
- The house supports trilingual policy from grade 1 in Kazakh schools
- The house believes that parents should control the access (access) of children to social networks
- The house believes that a world that cannot lie is better than in today's world
- The house believes that in a severe epidemic of patients, doctors believe that the diagnosis should not be hidden
- The house prohibits the victim from withdrawing the application in domestic violence cases
- The house believes that companies believe that in case of environmental damage, it is necessary to pay excess taxes separately from expenses
- The house supports preservation of the life of 1 child instead of extending for 10 years. Infoslade: for $100, you can save the life of one child in Africa or extend the life of 5 people with cancer for 10 years
- The house allows corporations to extract minerals only with the consent of the majority of the population of the territory in which they are located
- The house believes that scientists should overestimate the consequences of environmental disasters
- The house supports inclusive education
- The house prohibits free internships
- The house supports the idea of “getting out of the comfort zone”
- The house supports closing private schools
- The house considers it necessary to encourage children to engage in activities that they like, even if this prevents them from building a stable career and earning in the future
- The house believes that there is more harm in favor of the development of strong artificial intelligence.
- The house supports posthumous donation
- The house believes that there are more advantages of distance learning than disadvantages