Оқу тәрбиелік жұмыс » Страница 6 » Қарабұлақ орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қажмұқан" анимациялық фильмі
21
февраль
2025
"Қажмұқан" анимациялық фильмі
"Қажмұқан" анимациялық фильмі Ескелді ауданы Қарабұлақ орта мектебі кітапханасында  3а сынып оқушыларымен. күш атасы Қажмұқан Мұңайтпасовқа арналған анимациялық фильм көрсетілді.Соңынан оқушылар  көрген фильмі жайлы ойларымен бөлісіп, эссе жазды.  Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке,  қажырлы еңбекке,  салауатты өмір салтын ұстана отырып, спортқа деген қызығушылығын арттыру.Палуан туралы кітаптарды оқуға шақыру
"Шын жүректен кітап сыйла" акциясы
17
февраль
2025
"Шын жүректен кітап сыйла" акциясы
14.02.24 "Балалар кітапханасы" жобасы  аясында Қарабұлақ орта мектебі кітапханасында 1-11 сынып оқушылары арасында 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай "Шын жүректен кітап сыйла" акциясы өтті. Мектебіміздің кітап сүйер жас  оқырмандары және ұстаздары акцияға атсалыса қатысты. Мақсаты: Оқырман қауымға кітапхана мен кітаптың  адамзатқа берер мол ырысын түсіндіру.Кітап баға жетпес рухани сыйлық екенін дәріптеу.
ҰБТ- 2025
13
февраль
2025
ҰБТ- 2025
2025 жыл қаңтар айының ҰБТ нәтижелеріне талдау. Мектеп директоры Ж.Раимбекова әр оқушыға талдау жасап пән мұғалімдеріне түсіндірді.
"Жұматай жыры мәңгілік"
13
февраль
2025
"Жұматай жыры мәңгілік"
11.02.25  Ескелді ауданы Қарабұлақ орта мектебі кітапханасында поэзия әлемінде өзіндік биік орыны бар, жерлес ақын Жұматай Жақыпбаевтың  80 жылдық мерейтойына орай "Жұматай жыры мәңгілік"  атты еске алу кеші өтті.  Мақсаты: Ақын, қоғам қайраткерінің өнегелі өмір жолын өскелең ұрпақ өнеге тұтып, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау, поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілік арттыру, жастардың кітап оқуға деген құлшынысын ояту.
"Ауған соғысы мәңгілік  естелік"
13
февраль
2025
"Ауған соғысы мәңгілік естелік"
12.02.25 Қарабұлақ орта мектебі кітапханасында,  ауған соғысының 36 жылдығына орай "Ауған соғысы мәңгілік  естелік"  атты Ауған соғысының ардагерлерінің қатысуымен кітап көрмесі өтті.Іс шара 9а,10а,10ә,10б  сынып оқушылары қатысуымен мектеп акт заңында жалғастырылды. Мақсаты;Жылды ақпан айында Ауған соғысы  ардагерлерін еске ала отырып,  балаларды  Отан сүюге, бір біріне қамқоршылық көрсетуге, сөзінде тұратын адал азамат болуға тәрбиелеу.Бейбіт күннің қадірін білуге үйрету.
Мұғалімнің жетістігі
05
февраль
2025
Мұғалімнің жетістігі
Аудандық "Лучший учитель русского языка и литературы-2025" байқауы 1 орын Баймуханова Жанна Мубараковна
Қазақстан халық жазушысы Қадір Мырза Әлі  туғанына 90 жыл
04
февраль
2025
Қазақстан халық жазушысы Қадір Мырза Әлі туғанына 90 жыл
Қарабұлақ орта мектебі кітапханасында 7ә сынып оқушыларымен,  Қазақстан халық жазушысы Қадір Мырза Әлі  туғанына 90 жылдығына арналған поэзия кеші өткізілді. Мақсаты: Ақын атамыздың жырларын, туған жерге, еліне деген патриоттық, лирикалық  өлеңдерін оқырмандарға насихаттау.
Ұшқыр ой алаңы
28
январь
2025
Ұшқыр ой алаңы
Қарабұлақ орта мектебі 9-10 сынып оқушылар арасында Ұшқыр ой алаңы өткізілді.  Тақырыбы : Сыбайлас жемқорлыққа механизм ұсыну
"Мен тарихи атаулы күндерді жақсы білемін"
24
январь
2025
"Мен тарихи атаулы күндерді жақсы білемін"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында  Қарабұлақ орта мектебі кітапханасында 9-11 сынып оқушылары арасында тарих пәні бойынша "Мен тарихи атаулы күндерді жақсы білемін" атты сұрақ жауап викторинасы өтті. Мақсаты: Оқушыларды тарихи атаулы күндерді жатқа білуіне ақпараттық көмек беру