12
ноябрь
2020
"Жас келсе - іске" атты семинар - тренинг
2020 жылдың 12 қараша күні Қарабұлақ орта мектебі жетекші мектеп ретінде серіктес мектептер - Балпық би атындағы орта мектеп және Мичурин атындағы негізгі орта мектептерімен «Жас келсе - іске» атты семинар-тренинг өткізді. Семинарға үш мектептің жас мамандары - барлығы 14 мұғалім қатысты.
Семинарды мектептің әдіскері А.Айтибаева ашып, жас мамандардың педагогикалық мамандықтың қызықты да қиын жолдары, мұғалім әр уақытта ізденіп, уақыт талабына сай жаңа ізденісте жүру қажеттігі жөнінде айта келіп, бүгінгі семинардан қашықтан оқыту кезіндегі талаптарды қалай меңгеру, оқушыларға сапалы білім бере отырып, сабақ үрдісін қалай қызықты өткізу сияқты теориялық және практикалық мағлұматтар алатындығын айтып өтті.
Семинарда мектеп психологі М.Жұмагулова жас мамандармен «Жас келсе - іске...» атты тренинг өткізді. Жетекші мектеп үйестірушісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Махамбетова жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау жүргізу бойынша түсініктеме беріп, талдау жұмыстарымен таныстырды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Калиолданова «Жаңа форматтағы ҚМЖ мен КТЖ» жасаудың қыр-сырымен таныстырып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Тарих пәні мұғалімі А.Өнерхан жас мамандарға сабақ барысында оқушылардың көңіл-күйін көтеру, шаршағанын басу үшін сергіту мақсатында «Ширату жаттығулары мен логикалық тапсырмаларды» ұсынып, өздерімен жаттығу жүргізді.
Семинар соңында кері байланыс алынды. Онда жас мамандар семинардың өте қызықты, тартымды өткендігін, өздеріне көптеген керекті мағлұматтарды, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алғандығын, өздері де бір серпіліп, тамаша әсермен қайтып бара жатқандарын айтты. Сонымен қатар, олар осындай семинарлар жас мамандарға өте қажет екендігін, жиі болып тұрса деген ұсыныстарын білдірді. Семинар дәстүрлі түрде барлық санитарлық шаралар сақталып өтті.
[media=zhelilikkauymdastyk]