ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ » Қарабұлақ орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ
29
август
2022

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі – шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ


Қамқоршылық кеңесінің мүшелері 9 адамнан құралады. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Д.А. Абдикаримова. Тамыз айының 28-і күні қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Мектеп директоры А.Ы.Баяхан   2022-2023 оқу жылындағы   мектептің  білім-тәрбие берудің қорытынды нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар  жаңа оқу жылының мақсат – міндеттерімен таныстырды. Жеке тұлға  қалыптастыру, оқу сапасы мен оқу үлгерімі жөнінде әңгімеледі. Оқу жылы барысында  мектептің ішкі - сыртқы ағымдағы мәселелері төңірегінде әңгімеледі. Оқушылардың оқу сапасындағы жетістігіне жету үшін мұғалімдердің сапалық деңгейдегі жұмыс жүргізіп келетіні туралы, мектептің алға қойған мақсат міндеттерінің орындалуы және қадағалау жөнінде толық ақпарат берілді. Мектептің күнделікті қызметімен таныстырып өтті (жайы, қауіпсіз жағдай жасау, оқу-тәрбие процессін ұйымдастыру тәртібі, тамақтану, әлеуметтік-мәдени, сауықтыу, дамыту іс-шаралары туралы). Мектепті дамытудың басым бағыттарымен таныстырып өтті. Жалпы мектепте 2022-2023 оқу жылында 552  оқушы оқуда, оқуға қамтылмай қалған ешбір оқушы жоқ екені туралы айтып өтті.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Абдикаримова Д.А. 1-11 сыныптардың ата-аналарына қамқоршылық кеңесінің міндеттері мен атқаратын іс-әрекеттері жайлы айтты. Абдикаримова Д.А   қамқоршылық кеңес мектептің өзін-өзі басқару органы болып табылатынын және мектептің қызметі мен дамуына жәрдемдесу үшін құрылатынын айтып өтті. Қамқоршылар кеңесі мектептегі балалардың қажетіне пайдаланылатын материалдық жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, мектепке жабдықтар, материалдар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер сатып алуға көмектесу үшін құрылатыны жайлы айтып кетті.

Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар ата-аналар арасында талқыланып, таныстырылды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив