Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру туралы » Қарабұлақ орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру туралы
28
декабрь
2022

Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру туралы


Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру туралы
Биылғы 2022-2023 оқу жылында мектепте тегін тамақтануды алуға өтінімді электрондық үкімет www.egov.kz. немесе e-zhetysu.kz порталы арқылы ата-аналар мектептегі өзіне өзі қызмет көрсету бұрышынан өтініш берді.
Қызмет келесі санаттарға жататын балаларға қатысты:
•атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасылар;
•ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетімдер және балалар (порталда тек баланың ЖСН және өтініш берушінің ЭЦҚ талап етіледі);
•төтенше жағдайлардың нәтижесінде көмекті қажет ететін отбасылар;
•мектептің алқа органымен анықталған оқушылардың санаты (мысалы: ата-анасының екеуіде жұмыссыз, көп балалы отбасы, және т.б., адам басына шаққандағы табысы өмір сүру деңгейінен төмен), (порталда баланың ЖСН және өтініш берушінің ЭЦҚ талап етіледі және қажет жағдайда құжаттардың сканерленген көшірмелері).
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:
- әлеуметтік қорғансыз отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;
- ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;
- білім беру мекемесінің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;
- қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;
- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.
Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі.
Тамақтандыруды ұйымдастыру
Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз.
 Мектеп асханасын жалға алушы Н.Қадыровамен келісім шартқа отырып, «Жалпыға бірдей білім беру қорынан» 85 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бастауыш сыныптар бойынша – 50 оқушы. Жоғарғы сыныптар бойынша – 35 оқушы. Бастауыш сынып оқушыларының ыстық тамақпен қамтуға қажет бір күндік шығыны 400 теңге. Жоғарғы сынып оқушларының ыстық тамақпен қамтуға қажет бір күндік шығыны- 450 теңге.
Асхананың кезекшілік кестесі сынып жетекшілер мен әкімшілік мүшелерінен құрылып, белгіленген уақыт бойынша оқушылар уақытында тамақтанады.
Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізіледі.
Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр: тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастыру, биология және технология пәндері бойынша оқу бағдарламаларының жоспарына тамақтану мәдениеті туралы сауалдарды қосу және т.б. Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады, мектептің медициналық қызметкері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі: сурет байқаулары, сыныптарда денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылады.
Тамақтану блогы түрі – асхана.
Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын ғимарат жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде ҚТ бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Біздің асханада тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектепте әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды. Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.
Мектепте ұйымдастырылған тамақтандырумен қатар буфет жұмыс жасайды. Мұнда әр түрлі пісірілген тағамдар мен әр алуан шырындар сатылады. Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар. Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті біздің аспаздар оған аса мән береді. Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:
- оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
- оқушылара салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;
- жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;
- тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру;
Аталмыш міндеттердің шешімін табу үшін бірқатар қызметкерлер жұмылдырылған, олар ең алдымен асхана жұмыскерлері болып табылады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив