02
март
2020
"Махаббат-өмір негізі" атты психологиялық шара
Қарабұлақ орта мектебінде мектеп психологтары Лебедевп Ирина Юрьевна және Жумагулова Мөлдір Өтегенқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Раимбекова Жанетта Мырзатаевна "Махаббат-өмір негізі" атты психологиялық денсаулық күнін жоспарға сәйкес өткізді. Мақсаты: мектеп оқушыларымен мұғалімдерінің психологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау; оқушылар мен мұғалімдердің психологиялық денсаулығын сақтауға және нығайтуға; инновациялық технологиялар арқылы салауатты өмір салтын енгізуге; суицидтің алдын алуға бағытталған. Психологиялық денсаулық күні 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттарын өткізумен басталды: "Бәрінің бастауы-махаббат", "Любовь-основа жизни" 7-11 сыныптарда мектеп психологтары Лебедева И.Ю және Жумагулова М.Ө өткізді. Сабақ тренингтік жаттығулардан, бейнероликтерден, тыныштық сәтінен, рефлексиядан құралған. Сынып сағаттары аяқталған соң үзіліс кезінде оқушылар өздерінің жылы лебіздерін қашаға жазды.
Мектептің медициналық қызметкері Алтынбекова Ф.С денсаулық күні аясында 6-8 сынып оқушыларымен "Сау денеде-салауатты рух" тақырыбында шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Денсаулық күні "Біз әлемді өзгертеміз!" атты мектепішілік үлкен флешмобпен аяқталды.