ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ХАТТАМАСЫ №5
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарабұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ХАТТАМАСЫ №5
26.03.2025ж
Төраға: Раимбекова Ж.М.
Хатшы: Биядилова А.Р
Қатысқандар:-70 , себепті қатыспағаны-2
КҮН ТӘРТІБІ
Өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалу нәтижесі. Карибаева М.Т
- Тоқсан бойынша мемлекеттік білім стандартының орындалуы. Тоқсан бойынша білім сапасының нәтижесі Карибаева М.Т
- Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытылуы жағдайын зерделеу (5-9 сыныптар) Калиолданова А.С
- Оқушылардың ғылыми жобаларға, байқауларға, олимпиадаларға қатысуы Ділдебай Г.Б
- Интеллектуалдық дамуына арналған дебаттар, дебаттық клубтардың жұмысы. Салимова А.К
- Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын ұйымдастыру. «Қауіп-қатер» тобы оқушыларымен жұмыстың барысы Ким Т.П
- Психологиялық қызметтің №377 бұйрық бойынша жұмыс есебі Лебедева И.Ю
Аттева А.А
- 5-8,10 сыныптарында қазақ тілінен емтихан өткізу туралы, материалдарды бекіту.
Айтибаева А.К.
ТЫҢДАЛДЫ: 2024-2025 оқу жылының 2 тоқсанының қорытындысы бойынша білім сапасын көтеру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілді. Білім сапасы өте төмен көрсеткен сыныптардың жетекшілеріне Өмірбай Б., Акатаев М. сыныптардың білім сапасын көтеру үшін нақты қадамдар жоспарланып, жүйелі жұмыс жүргізілді. Оның ішінде ата-аналармен және пән мұғалімдерімен тығыз байланыс орнатылып, ата-аналар сабаққа қатысты
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты күшейту мақсатында аудан көлемінде «Білім. Сапа. Бәсеке» жобасы бойынша шығармашылық топ құрылып, жұмыс жалғастырылуда. Білім сапасы төмен сыныптарда 3 тоқсанда мектепішілік бақылау жүргізілді. Білім сапасы төмен көрсеткен пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетіліп,семинарларға жіберіліп, сонымен қатар мектепішілік бақылауға алынды. Бір “3” бар оқушылармен жұмысты басты назарға алынып, жұмыстар жүргізілді..бастауыш сыныптарында Сабақты зерттеу үдерісі жүргізілді.
1.ТЫҢДАЛДЫ: Бірінші сұрақ бойынша мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынгбасары Карибаева М.Т сөз сөйлеп, өз сөзіндк ІІІ тоқсан білім сапасын нәтижесіне тоқталып өтті. Тоқсанның басында оқушылар саны 536 + 26 мдс
- Келгендер: 13 оқушы, Кеткендер: 6 оқушы
- ІІІ тоқсанның соңында: 543 +26 мдс оқушы. Жалпы: 569
- Мектеп бойынша білім сапасы – 66,1%
2-4 сыныптардың білім сапасы
сыныптар | Тоқсан басы оқушы саны | онының ішінде ұл | оның ішінде қыз | келген оқушы | кеткен оқушы | Тоқсан аяғы оқушы саны | "5" | "4" | "3" | білім сапасы % | сынып жетекші |
1-сынып (қаз)А | 17 | 7 | 10 | 1 | 18 | Желдібаева Б.С | |||||
1-сынып (қаз)Ә | 13 | 6 | 7 | 1 | 14 | Жылыбаеава Ж.Н. | |||||
1-сынып (орыс)Б | 13 | 6 | 7 | 13 | Алекперова Н.В | ||||||
барлығы 1-сынып | 43 | 19 | 24 | 2 | 45 | ||||||
2-сынып (қаз) | 23 | 8 | 15 | 23 | 7 | 9 | 7 | 69,5 | Шаймерденова У | ||
2-сынып (орыс) | 24 | 13 | 11 | 1 | 23 | 8 | 7 | 8 | 65,2 | Шпунт А.С | |
барлығы 2-сынып | 47 | 21 | 26 | 1 | 46 | 15 | 16 | 15 | |||
3-сынып (қаз) А | 13 | 5 | 9 | 13 | 3 | 6 | 4 | 69,0 | Садвакасова Р.Р | ||
3-сынып (қаз) Ә | 15 | 6 | 11 | 15 | 6 | 4 | 5 | 66,6 | Ешмуханбетова З. | ||
3-сынып (орыс)Б | 26 | 15 | 11 | 1 | 1 | 26 | 6 | 13 | 8 | 73,3 | Грищенко Т.И |
барлығы 3-сынып | 54 | 26 | 31 | 1 | 1 | 54 | 15 | 23 | 17 | ||
4-сынып А | 18 | 10 | 8 | 18 | 4 | 9 | 5 | 72,2 | Асқарбекова А.К | ||
4-сынып Ә | 16 | 10 | 6 | 16 | 4 | 8 | 4 | 75 | Жумаханова А.Т | ||
4-сынып Б | 23 | 9 | 14 | 1 | 24 | 4 | 13 | 7 | 70,8 | Фоминых Л.М | |
барлығы 4-сынып | 57 | 29 | 28 | 1 | 58 | 12 | 30 | 16 | |||
1-4 сынып (қаз) | 115 | 115 | |||||||||
1-4 сынып (орыс) | 86 | 86 | |||||||||
барлығы 1-4 сынып | 201 | 203 |
5-9 сыныптардың білім сапасы
сыныптар | Тоқсан басы оқушы саны | онының ішінде ұл | оның ішінде қыз | келген оқушы | кеткен оқушы | Тоқсан аяғы оқушы саны | "5" | "4" | "3" | білім сапасы % | сынып жетекші |
5-сынып (қаз) | 25 | 16 | 9 | 1 | 26 | 3 | 11 | 12 | 58,3 | Башабаева А.К | |
5-сынып (орыс) | 20 | 11 | 9 | 1 | 21 | 3 | 9 | 9 | 57,0 | Жабынаева Ш.С | |
6-сынып (қаз)А | 16 | 6 | 10 | 16 | 2 | 8 | 6 | 62,5 | Сайлаубекова А | ||
6-сынып (қаз)Ә | 19 | 11 | 8 | 1 | 20 | 1 | 10 | 9 | 64 | Биядилова А.Р | |
6-сынып (орыс)Б | 15 | 8 | 7 | 15 | 1 | 9 | 5 | 67 | Диппель Т.А | ||
6-сынып (орыс)В | 17 | 9 | 8 | 17 | 2 | 7 | 8 | 53 | Кәрішалова А.С | ||
7-сынып (қаз)А | 16 | 6 | 10 | 1 | 17 | 2 | 8 | 7 | 58,8 | Калиолданова А.С | |
7-сынып (каз)Ә | 19 | 8 | 11 | 19 | 3 | 8 | 8 | 58 | Инкарбаева М.Т | ||
7-сынып (орыс)Б | 17 | 7 | 10 | 17 | 2 | 9 | 6 | 65 | Байзакова Р.А | ||
7-сынып (орыс)В | 13 | 8 | 5 | 1 | 12 | 2 | 5 | 5 | 58,3 | Лебедева И.Ю | |
барлығы 7-сынып | 66 | ||||||||||
8-сынып (қаз) | 25 | 11 | 14 | 3 | 22 | 4 | 8 | 10 | 55 | Өмірбай Б.Қ | |
8-сынып (орыс) | 27 | 12 | 15 | 1 | 28 | 5 | 12 | 11 | 60,7 | Қадырберген А.Е | |
барлығы 8-сынып | 51 | ||||||||||
9-сынып (қаз)А | 20 | 12 | 8 | 1 | 20 | 2 | 8 | 10 | 50 | Бегдесинова Ж.П | |
9-сынып (каз)Ә | 14 | 6 | 8 | 14 | 0 | 7 | 7 | 50 | Акатаев М | ||
9-сынып (орыс)Б | 13 | 4 | 9 | 1 | 14 | 1 | 7 | 6 | 57 | Паршина О.Н | |
барлығы 9-сынып | 49 | 154 | |||||||||
5-9-сынып (қаз) | 154 | 122 | |||||||||
5-9-сынып (орыс) | 124 | ||||||||||
барлығы 5-9 сынып | 276 | 278 |
10-11 сыныптардың білім сапасы
сыныптар | Тоқсан басы оқушы саны | онының ішінде ұл | оның ішінде қыз | келген оқушы | кеткен оқушы | Тоқсан аяғы оқушы саны | "5" | "4" | "3" | білім сапасы % | сынып жетекші |
10-сынып (қаз)А | 11 | 4 | 7 | 1 | 12 | 5 | 4 | 3 | 75 | Мадиева А.Ж | |
10-сынып (каз) Ә | 7 | 3 | 4 | 1 | 8 | 2 | 4 | 2 | 75 | Өскембекова М.С | |
10-сынып (орыс) Б | 8 | 3 | 5 | 1 | 9 | 7 | 2 | 77,0 | Тілеуханова Д.Т | ||
11-сынып (қаз) А | 9 | 3 | 6 | 9 | 0 | 8 | 1 | 78,0 | Мажитаева А.С | ||
11-сынып (орыс)Б | 12 | 10 | 2 | 12 | 2 | 10 | 0 | 100,0 | Чильдебаева Г.Ж | ||
11-сынып (орыс)В | 12 | 1 | 11 | 12 | 11 | 1 | 91 | Қайранбаева А | |||
барлығы 11-сынып | 32 | 33 | |||||||||
10-11сынып (қаз) | 27 | 27 | |||||||||
10-11 сынып (орыс) | 33 | 32 | |||||||||
59 | 62 | ||||||||||
ІІІ тоқсан нәтижесі бойынша білім сапасы төмен болып отырған сыныптар 9а,9ә, 6в, 8а сыныптары.Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері тығыз бірлесіп жұмыс жасау қажет екендігін айтып өтті. Келесі тоқсанда білім сапасын көтеру мақсатында осы сыныптардағы пән мұғалімдері өз пәндері бойынша ( алгебра, геометрия, физика, химия) пәндерінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мұмыстарын баса назарда ұстау керек екендігі ескертілді.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: мектеп директоры Раимбекова Ж.М. сөз сөйлеп, өз сөзінде Резервтегі оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізілуі қажет екендігін ескертті. Әр сынып жетекшіге, пән мұғалімдерге осы сұрақты басты назарға алуды тапсырды. Сынып жетекшілермен пән мұғалімдер арасында, ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүру қажеттігі ескертілді.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ШЕШІМІ:
1. 2024-2025 оқу жылының 3 тоқсанының қорытындысы бойынша білім сапасын көтеру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілсін.
2. Аудандық «Білім.Сапа.Бәсеке» жобасы аясында резерв оқушылармен жұмыс жоспарлы, жүйелі түрде жүргізілсін.
3. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты күшейту мақсатында құрылған шығармашылық топ өз жұмыстарын жалғастырылсын.
4.Білім сапасы төмен сыныптарда (9а,9ә,6в,8а) 4 тоқсанда мектепішілік бақылау жалғастырылсын.
2.ТЫҢДАЛДЫ: Екінші сұрақ бойынша қоғамдық –гумманитарлық бағыты пәндері бірлестігінің жетекшісі Калиолданова А.С сөз сөйлеп, өз сөзінде қазақ тілі мен әдебиетінің оқытылуы жағдайын зерделеу (5-9 сыныптар) жүргізілген анықтамамен таныстырды. Мектеп жоспарына сәйкес 03.03-14.03 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытылу жағдайы тексерілді. Онда 5-6-7-8-9 сыныптар орыс және қазақ сыныптары сабақта қолданатын әдіс тәсілдері сабақта ұтымды шыққан кезеңдері, оқушылармен қарым -қатынастары, бағалау жүргізуі, кері байланыс беруі оқушыларға, мәтінмен жұмыс түрлерін қолдануы қалай жүргізіліп жатқандығы бақыланды.
Жаңа мазмұнда сабақ беру- білім мазмұнын, білім сапасын арттырудың тиімді жолы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушылардың танымдық дағдыларының деңгейін және пән мұғалімдерінің жаңа технология әдістерін, жаңа жұмыс формаларын ұтымды қолданып, сабақты түрлендіріп өткізу деңгейін бақылау мақсатында сабақтары зерделенді.
Қазақ тілі мен әдебиеті оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:
1.Шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;
2.Білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;
3.Оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
4. Сауатты жазу мен сауатты, көркем сөйлеуге дағдыландыру;
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері өз сабақтарында оқу мақсатына сай тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді таңдап, сынып оқушыларының пәнді терең игеруіне мүмкіндік тудырады. Пән мұғалімдері тиімді кері байланыс бере алады, бағалаудың әр түрін тиімді қолдана біледі.
Learningapps, Worldwall.net, Camba, topik.kz т.б. платформалармен жұмыс жасап, QR код арқылы тапсырма беріп, кері байланыс алуды жүргізіп келеді.
"Мәтін жоқ жерде зерттеуге, ойлауға арналған объект жоқ" деген
М.М. Бахтин (ХХ ғасырдың атақты ойшылы)
Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады.
Мәтінмен жұмыс істеу мынандай кезеңдерге бөлінеді:
I. Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс.
II. Мәтінмен жұмыс кезеңі.
III. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.
Мәтінмен жұмыс түрлері де әр сынып оқушыларының деңгейіне сай жүрзізіліп, оқылым стратегиялары тиімді қолданылып отырады.
Байзакова Р.А. өзге тұлт өкілдері оқушыларының қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуына, ол дыбыстарды айтылу және жазылу жағынан бір-бірінен ажырата білуге, соған сай сөз мағыналарын контекске қарай талдау (синонимдік қатар, омонимдер) ерекшеліктері бойынша жұмыс жасайды.
Тилеуханова Д.Т. мәтін мазмұны бойынша сұрақтардың дұрыс қойылуы, мәтіндегі азат жолдарға көңіл бөлу,
Мажитаева А.С. шығарманы мәнерлеп оқу, өлең құрылысына талдау жасау,
Калиолданова А.С. мәтінмен жұмыс жасауда Оқылым стратегиялары Сканерлеп оқу мен Детальді оқу, эссе жазуға дағдыландыру;
Өмірбай Б.Қ. көркем шығарма кейіпкерлерін кесте-сызба арқылы талдату, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасап, ақындық сөз саптауына мән берсе,
Биядилова А.Р. QR код арқылы тапсырма беріп, кері байланыс алуды тиімді жүргізіп келеді.
Шәкірова М.Т. сөздердің мағынасын талдату, тірек сөздерді анықтау, мәтінді салыстыру әдістерін ұтымды қолданады.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айтибаева А.К сөз сөйлеп, өз сөзінде орыс сыныптарында сабақ беретін мұғалімдердің оқушылардың қазақ тіліндегі негізгі әріптерді оқушылардың дұрыс айтуына, сөде, сөйлемде, мәтінде дұрыс оқуына көңіл бөліп отыру қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар оқушылардың мәтінмен жұмыстың түрлерін қолдана отырып, мәтінмен жұмысты басты назарда ұстау қажеттігі ескертілді.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ШЕШІМІ:
1.Оқу мақсатына сай тапсырмалар таңдауда оқушыларға Сараланған тапсырмаларды көбірек ұсыну қажет.
2. Сынып оқушыларының жұмыс дәптеріне көңіл бөлініп тиімді кері байланыс беріліп отырсын.
3. Мәтінмен жұмыс түрлеріне сай тапсырмаларды күрделендіру жұмыстары сабақта қолданылсын.
3.ТЫҢДАЛДЫ: үшінші сұрақ бойынша мектепте дарынды оқушылармен жұмысты жүргізуші, биология пәнінің мұғалімі Ділдебай Г.Б. 2024-2025 оқу жылында өткізілген олимпиада, сонымен қатар оқушылардың ғылыми жұмыстар жобасына қатысу нәтижелеріне талдау жасады.
«Ауыл» олимпиадасы
- Мектепшілік кезең: 51 оқушы
- Аудандық кезең: 17 оқушы
- Облыстық кезең: 6 оқушы
- Мұса Медина (ағылшын тілі) 1 орын 170 балл Бекдесинова Ж.П.
- Ермекұлы Темірлан (қазақ сыныптарына арналған орыс тілі)
3 орын 48 балл Жабынаева Ш.С.
- Пак Диана (ағылшын тілі) 3 орын 139 балл Чильдебаева Г.Ж
- сынып облыстық пән олимпиадасы. Аудандық кезең: 12 оқушы
- Құдайберген Алихан 4Ә сыныбы жаратылыстану пәні 15 балл 3 орын
Жетекшісі: Жумаханова А.Т.
- Тамерланұлы Бек 3Б сыныбы жаратылыстану пәні 17 балл 2 орын
Жетекшісі: Грищенко Т.И.
Облыстық кезең жоқ
3-4 сынып, 5-6 сынып
«Алтын сақа» олимпиадасы
Мектепшілік кезең: 20 оқушы
Аудандық кезең: 6 оқушы
Манатов Анзор 3А сыныбы 3 орын (Ешмуханбетова З.А.)
Шелуха Артем 3Б сыныбы 3 орын (Грищенко Т.И.)
Әжет Үміт 3Ә сыныбы 3 орын (Садвакасова Р.Р.)
Харченко Егор 4Б сыныбы 3 орын (Фоминых Л.М.)
Мектепшілік кезең: 20 оқушы
Аудандық кезең: 6 оқушы
Болатқан Амир 5Б сыныбы 3 орын (Шалимбетов Б.С.)
Кузьменко Егор 6Б сыныбы3 орын (Қадырберген А.Е.)
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “Алтын тұғыр” республикалық олимпиадасы
Қатысқан 5 мұғалім
Грищенко Татьяна Ивановна 3 орын
Фоминых Людмила Михайловна 3 орын
5-6 сынып облыстық пән олимпиадасы
Аудандық кезең:16 оқушы
Ермекқызы Адель 6Б сыныбы жаратылыстану пәні 3 орын Жетекшісі: Диппель Т.А.
Кравцов Алексей 6В сыныбы орыс тілі мен әдібиеті 3 орын Жетекшісі: Кәрішалова А.С.
7-8 сынып облыстық пән олимпиадасы
Аудандық кезең: 24 оқушы
- Көптілеу Қобылан 7В сыныбы математика пәні 1 орын Жетекшісі: Усербаева Г.А.
- Бақытжанұлы Дарын 8А сыныбы Ағылшын тілі пәні 1 орын Жетекшісі: Оскенбекова М.С.
- Формагей Данил 7В сыныбы Ағылшын тілі пәні 2 орын Жетекшісі: Чильдебаева Г.Ж.
- Шубельняк Лия 8Б сыныбы Орыс тілі мен әдебиеті 2 орын Жетекшісі: Ким Т.П.
- Царькова Евгения 7В сыныбы География пәні 3 орын Жетекшісі: Сламжанова Д.О.
- Саматқызы Інжу 8А сыныбы 3 орын Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі Жетекшісі: Раимбекова Ж.М.
9-11 сынып облыстық пән олимпиадасы
Аудандық кезең: 34 оқушы
Мұса Медина 9А сыныбы Ағылшын тілі 2 орын Жетекшісі: Бекдесинова Ж.П.
Нетлярова Каролина 10Б сыныбы Георграфия пәні 3 орын Жетекшісі: Сламжанова Д.О.
Нұртаев Асан 11Б сыныбы Георграфия пәні 3 орын Жетекшісі: Сламжанова Д.О.
Досымұлы Даниял 10А сыныбы Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі 3 орын Жетекшісі: Баймуханова Ж.М.
Жакен Айдана 11Б сыныбы Ағылшын тілі пәні 3 орын Жетекшісі: Чильдебаева Г.Ж
Iqanat республикалық олимпиадасы
8 А және 8Б сыныптары
Аудандық кезең: 16 оқушы
Облыстық кезеңге өткен 2 оқушы
Алимбекова Аяна 8 А сыныбы (басқа мектепке ауысты)
Стасюкова Полина 8 Б сыныбы
«Зерде» ғылыми жұмыстар жобасы
Аудандық кезең: 3 жұмыс өткізілді
Базарбаева Альмира 3Б сыныбы 3 орын Жетекшісі: Грищенко Т.И.
Көптілеу Қобылан 7В сыныбы 3 орын Жетекшісі: Биядилова А.Р.
«Дарын» ғылыми жұмыстар жобасы
Аудандық кезең: 6 жұмыс өткізілді
Абдрасыл Дарын 1 орын (Башабаева А.У.)
Мұса Медина 1 орын (Бекдесинова Ж.П.)
Облыстық кезең: 2 жұмыс өткізілді
Абдрасыл Дарын 1 орын (Башабаева А.У.)
Мұса Медина 3 орын (Бекдесинова Ж.П.)
Пән олимпиадасының көрсеткіші (аудандық кезең )
2-4 сынып | 5-6 сынып | 7-8 сынып | 9-11 сынып | |
І | 0 | 0 | 2 | 0 |
ІІ | 1 | 0 | 2 | 1 |
ІІ | 1 | 2 | 2 | 4 |
Барлығы | 2 | 2 | 6 | 5 |
2024-2025 | Аудан | Облыс |
І | 4 | 2 |
ІІ | 5 | 0 |
ІІІ | 24 | 1 |
Барлығы | 33 | 3 |
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:мектеп директоры Раимбекова Ж.М. сөз сөйлеп, өз сөзінде 2-4 сынып олимпиада жетістіктеріне баса назар аударды, талдау жасап жұмысты күшейту қажеттігін айтып өтті. Аудан мектептерімен салыстыра отырып, рейтинг жасады.
Рейтинг олимпиады 2-4 классы по школам
№ | Школы | Казахский язык обучения | Русский язык обучения | |||||||||||
2 класс | 3 класс | 4 класс | 2 класс | 3 класс | 4 класс | Кол-во мест | ||||||||
Қазақ тілі | Матем | Қазақ тілі | Матем | Қазақ тілі | Матем | Орыс тілі | Жара тылыст | Орыс тілі | Жара тылыст | Орыс тілі | Жара тылыст | |||
1 | Ш.Уәлиханов ОМГ | І | ІІІ | ІІ | ІІІ | ІІІ | ІІ | 6 | ||||||
2 | Алдабергенов ОМ | ІІ | І | ІІ | ІІ | 4 | ||||||||
3 | Қарабұлақ ОМ | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | ІІ | 0 | ІІІ | 2 | |
4 | Титов ОМ | ІІІ | ІІ | ІІ | ІІІ | І | 5 | |||||||
5 | Шестаков ОМ | І | І | І | ІІ | 4 | ||||||||
6 | Абай ОМ | ІІ | 1 | |||||||||||
7 | Мәметов ОМ | - | ||||||||||||
8 | Рүстембеков ОМ | ІІ | ІІ | 2 | ||||||||||
9 | Жетісу ОМ | І | 1 | |||||||||||
10 | Қоңыр ОМ | ІІІ | 1 | |||||||||||
11 | Жақыпбаев ОМ | ІІІ | 1 | |||||||||||
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ШЕШІМІ:
- Оқушылардың ғылыми жобаларға, байқауларға, олимпиадаларға қатысу жақсы нәтижеге жету мақсатындағы жұмыстар күшейтілсін. Әр пән бойынша көрсеткіш облыс көлемінде нәтижеге жететін көрсеткіштерге жұмыс жасалсын.
- 2025-2026 оқу жылына олимпиада, ғылыми жобаларға, байқауларға қатысатын оқушылар тізімі мамыр айында жасалып, бекітілсін.
4.ТЫҢДАЛДЫ: Төртінші сұрақ интеллектуалдық дамуына арналған дебаттар, дебаттық клубтардың жұмысы бойынша мектептің педагог- ұйымдастырушысы Салимова А.К сөз сөйлеп, өз сөзінде дебаттық клубтардың жұмыстарына тоқталып өтті. Аудан көлемінде өткізілген жарыстарға мектептің үш тілдегі дебаттық клубтары қатысып, жүлделі орын иеленгендерін айтты. Қазақ тілінде жүргізілетін дебат клубының жетекшісі Өмірбай Б.Қ, орыс тіліндегі «Элита» дебаттық клуб жетекшісі орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Дуйсенғалиева А.Ж, ағылшын тілі пәнінен дайындайтын мұғалім Өскенбекова М.С. Балалар саны да жылдан жылға клубта өсуде екенін айтты.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мажитаева А.С сөз сөйлеп, өз сөзінде оқушылардың дебаттық клубтарға қатысуы артып отырғанын, оқушылар үлкен ықыласпен қатысып, жақсы нәтижелер көрсетіп жүргенін айтты.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ШЕШІМІ: Дебаттық клуб жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп отырсын.
5.ТЫҢДАЛДЫ: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын ұйымдастыру. «Қауіп-қатер» тобы оқушыларымен жұмыстың барысы туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ким Т.П. сөйлеп, өз сөзінде мектепішіндегі . «Қауіп-қатер» тобы оқушылармен жұмыс барысы туралы айтты. Олармен жасалып жатқан жұмыс түрлеріне тоқталды. Сынып жетекшілер мен ментор, тәрбие жұмысы бірлесе атқарылған жұмыстарға талдау жасады.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: мектеп психологы Атеева А. сөз сөйлеп, мектеп оқушыларымен осы топтағы балалармен жасалған жұмыстарға тоқталды.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ШЕШІМІ: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы, «Қауіп-қатер» тобы оқушыларымен жұмыс жүйелі, жоспарлы түрде жүргізілсін.
6.ТЫҢДАЛДЫ: Психологиялық қызметтің №377 бұйрық бойынша жұмыс есебі мектеп психологтары Лебедева И.Ю мен Атеева А.А жасады. Олар осы бұйрық бойынша орындалған жұмыстарына тоқталып өтті.1,5 сыныптарда бейімделу бойынша алынған сауалнама, талдауларға тоқталып өтті. Сонымен бірге 11 сыныптардың ҰБТ-ке дайындық барысында оқушылардың бойындағы үрейді жеңу тест, тренинг, сауалнама өткізіліп, соның нәтижесімен таныстырды. 9 сыныптарда болашақ мамандық таңдау бойынша, бойындағы бейіндерін анықтау мақсатында өткізілген саулнама, тест алынғанын, оның нәтижесімен оқушыларды таныстырғанын айтып өтті. Сонымен бірге 10 және 11 сыныптарда КВЕСТ ойыны өткізілгенін, психология апталығы болғанын айтты.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: 11 б сыныбының сынып жетекшісі Чильдебаева Г.Ж. сөз сөйлеп, өз сөзінде мектеп психологтарының оқушылармен өткізген тренингтерінің өте жоғары деңгейде өткендерін, оқушылардың ризашылық білдіргенін жеткізді. Қандай сұрақпен барса да психолог кез келген уақытта көмек көрсететінін айтты.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ШЕШІМІ: Психологтардың №377 бұрық бойынша жұмыстары қанағаттанарлық деп табылсын. Жұмыстары жүйелі, жоспарлы түрде жүргізілсін.
7.ТЫҢДАЛДЫ:Директордың оқу –ісі жөніндегі орынбасары Айтибаева А.К. сөз сөйлеп, өз сөзінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «қазақ тілі», орыс тілінде оқытылатын сыныптарда «қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәндерінен емтихан жұмыстарын құру бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстырды.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестік жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калиолданова .А.С. сөз сөйлеп әрбір сынып үшін емтихан жұмыстары пән мұғалімдері әдістемелік ұстанымдарға негіздеп жасалатынын, бірлестік отырысында қарастырылғанын, әр пән мұғалімі әр оқушыға тапсырманы шығарып, дайындап беретіндігі туралы айтып өтті. Емтихан материалдары жасалып, өткізілетіндігін қатаң түрде ескертті.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ШЕШІМІ:
1.Негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) қазақ тілінде оқытатын сыныптарда «қазақ тілі», орыс тілінде оқытылатын сыныптарда «қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәндерінен емтихан жұмыстары жасалып бекітілсін.
3. Негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім алушылардың емтихандарын ұйымдастыру мен өткізуге жауапты болып Карибаева М.Т бекітілсін.


