«Шеберлік сатысы» жобасы бойынша 2021-2022 оқу жылының 1-жарты жылдығындағы жүргізілген жұмыстарының есебі » Қарабұлақ орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Шеберлік сатысы» жобасы бойынша 2021-2022 оқу жылының 1-жарты жылдығындағы жүргізілген жұмыстарының есебі
20
март
2022

«Шеберлік сатысы» жобасы бойынша 2021-2022 оқу жылының 1-жарты жылдығындағы жүргізілген жұмыстарының есебі

«Ескелді ауданы әкімдігінің Қарабұлақ орта мектебі МДШО»КММ-нің 
«Шеберлік сатысы» жобасы бойынша 
2021-2022 оқу жылының 1-жарты жылдығындағы жүргізілген жұмыстарының есебі 
 
            Мектеп 2020-2021 оқу жылында «Шеберлік сатысы» жобасын құрып жұмыс істей бастады. Мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны аясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту арқылы  білім беру сапасын көтеруге бағыттау. Сертификатталған ұстаздардың жұмыстарын жандандыру. 
"Шеберлік сатысы" жобасы сертификатталған мұғалімдердің өз жетістіктері мен шеберлігін білім беру үрдісінде білім алушылардың дамуына бағытталған педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда білім беру жүйесінің инновациялық өзгерістерін, нәтижелерді, критерийлерді мектептегі әріптестері мен серіктес мектептердің, аудан мектептерінің ұстаздарына барынша үлгі ретінде көрсете білу алға қойған міндетіміз болды. 
Жоба 3 жылға жоспарланған.  
«Шеберлік сатысы» жобамыздың 1-ші және 2-ші кезеңдері бойынша жоспарлаған іс-шараламыздың барлығы орындады.  
Үшінші кезеңде 2021-2022 оқу жылында жоспарланған іс-шаралар онлайн және офлайн форматта өтіп жатыр. 
Оқу жылының басында сертификатталған мұғалімдердің жоба бойынша атқаратын жұмыс жоспарлары, серіктес мектептерімізбен атқарлатын жұмыс жоспарлары құрылып, отырыстар жүргізілді.  
Бастама ретінде шығармашылықпен айналысатын жас ұстаздар арасынан «Креатив» шығармашылық  топ құрылды. Мақсаты:  Заманауи ойларымен бөлісу; жаңашыл ақпараттық техникалық құралдардың түрлерін қолдану, сабақ беру әдістерін онтайлы ұйымдастыру. (жетекшісі Өнерхан Амангүл, 3-деңгейлі мұғалім, тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор) 
Қазан айында Р.Махамбетова  (1-деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші) «Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай бастаймыз?» атты коучинг өткізді. 
Қараша айында ««Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу сауаттылығын дамытуда ( PRILS) қолданылатын әдіс-тәсілдері» атты серіктес мектептерімізбен вебинар  өткізілді. Вебинардың мақсаты: оқушылардың оқу  сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалары мен әдіс-тәсілдердің түрлерімен таныстыру, іс-тәжіриемен бөлісу. Вебинарда Мичурин атындағы негізгі орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ә.Керейбаева «Оқушылардың оқу жылдамдығын  арттыруға арналған әдіс-тәсілдер», Қарабұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі М.Асылбекова «Бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер», Балпық би атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Қ.Қ. Байбосынов «Математика пәні бойынша  ПИЗА тапсырмаларын орындаудағы қызметтің түрлері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Вебинарға 24 мұғалім қатысты.  
Желтоқсан айында «Генераторы ведущих школ»  жобасы шеңберінде Талдықорған қаласындағы № 10 Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының жұмыс жоспары бойынша «БЖБ,ТЖБ құрастырудың ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық вебинар өткіздік. Вебинардың мақсаты - мұғалімдер БЖБ,ТЖБ құрастырудың ерекшеліктерімен таныстыруда іс-тәжірибелерімен бөлісу; өзара желілік қауымдастықта пікір алмасу арқылы тәжірибелерін дамыту. 
Вебинарда  мектептің және серіктес мектептердің мұғалімдері өз тәжібилерімен бөлісті. Мичурин атындағы негізгі орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ә.Керейбаева «Бастауыш сыныпта жиынтық бағалауды құрудың ерекшеліктері», Қарабұлақ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Т.П.Ким «Методические рекомендации по составлению СОР по русскому языку  в 10 классе ЕМН», Балпық би атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Д.Нұрлыбаева  «Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінен БЖБ тапсырмаларын құрастырудың ерекшеліктері» тақырыптарында өздерінің құрған  жұмыстарын таныстыруда, ерекшеліктеріне назар аудара отырып, ой бөлісті. 
Вебинарға жоба шеңберіндегі көшбасшылар, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер, желілік қоғамдастықтың мүшелері, облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Е.Тоғасова  қатысты. (облыстық оқу-әдістемелік орталығының сайтына https://www.oblmetod.kz/ жарияланды). 
Осы айда А.Айтибаева (1-деңгейлі математика пәні мұғалімі, тренер, педагог-зерттеуші«Табысты оқыту шарттарының бірі – кері байланысты ұйымдастыру» тақырыбында коучинг, Г.Чильдебаева (3-деңгейлі ағылшын тілі мұғалімі"Формы и методы открытых и закрытых вопросов на уроках английского языка" тақырыында шебер-сынып өткізді. 
Барлық вебинар, коучинг, шебер-сыныптар туралы мәліметтер ауданның, қауымдастықтың (kauym_dastyk), мектептің инстаграмм, фейсбук парақшаларына салынды. 
Биылғы оқу жылының 1-жарты жылында сертификатталған мұғалімдеріміз ашық сабақтар берді. Чильдебаева Г.Ж. «Различие между онтогенезом и овогенезом» тақырыында 11 «Б» сыныбында биологиядан, Г.Усербаева «Переменная. Выражение с переменной» тақрыбында 6 сыныпта математикадан, А.Айтибаева «Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері» тақырыбында 7 сыныпта геометриядан ашық сабақтар, Ә.Джексенбинова «Логикалық сұрақтар. «Тауып көр» атты сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. 
Тренерлер А.Калиолданова мен Т.П.Ким Сабақты зерттеу (Lesson Study) жүргізу бойынша зерттеу топтарын құрыпжұмыстарын жүргізді.  
Қараша-желтоқсан айларында Т.П.Кимнің жетекшілігімен құрылған топ мүшелері -жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдері. Таңдалған сынып  І тоқсанның ТЖБ, БЖБ сараптама жасау барысында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерден төменгі көрсеткіш көрсетіп отырған 8в сыныбы. Оның ең негізгі мәселесі оқушыларда сабақта оқуға деген мотивацияның төмендігі анықталған.  
Зерттеу сабағындағы топ мұғалімдерінің жалпы мақсаты: сабақ үрдісінде әрбір оқушының оқу материалын меңгеруіне пәрменін аударту және білім сапасын көтеру. 
Зерттелетін әдісіне «Идеялар себеті» стратегиясы алынды. 
Тренер А.Калиолданова екінші жарты жылдықта қаңтар айынан бастап Сабақты зерттеу жұмыстарын бастады. 
Зерттеу тақырыбыОқушылардың ашық және жабық сұрақтармен жұмыс жасау дағдысын арттыру арқылы функционалдық сауаттылығын көтеру. 
Зерттеудің түйінді  мәселесі: Мәтінмен жұмыс жасату арқылы сұрақ қоюдың маңыздылығын, мәтіннің негізгі ойын анықтау, мәтін мазмұнын түсіне білу, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың ашық және жабық сұрақтармен жұмыс жасау дағдысын арттыру арқылы функционалдық сауаттылығын көтеру. 
Пән: қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, ағылшын тіліЗерттелетін сынып:  9 «А» 
Зерттеу сұрағы: 9 «А» сынып оқушыларының мәтін мазмұнын түсініп, ашық және жабық сұрақтар құрастыра білуіне қалай ықпал етуге болады? 
Зерттелетін әдіс:  «Жауап менен, сұрақ сенен» әдісі. 
Жоба аясында ұстаздар Іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын да жалғастырып, жұмыстарын жинақтап жатыр. А.Айтибаева «Оқушылардың жұппен, топпен  жұмыс жасауда қарым-қатынасқа түсуінің қиындығы», М.Асылбекова «Қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану арқылы үлгерімі төмен оқушыға қолдау жасау», Л.Фоминых «Формирование функциональной грамотности», Ә.Биядилова «Оқушының өз пікірін айтуға жетелеу», Г.Чильдебаева «Взаомпомощь учеников помогут ли улучшить технику чтения. 6 класс», А.Өнерхан «Оқушылардың мазмұнын ауызша жеткізудегі қиындықтар». 
 Мұғалімдеріміз  ПШО-ның облыстық оқу-әдістмелік орталығының вебинарлары, конференцияларына қатысты.  
Қараша айында Педагогикалық шеберлік орталығының «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференция қатысып, сертификаттар алды. Осы айда «Семья.Школа и сообщество: думаем и действуем в интересах ребенка» ХІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына, желтоқсан айында Облыстық оқу-әдістемелік орталығының «Сабақты зерттеу – білім сапасын арттырудағы тиімді құралы» атты вебинарына қатысты. 
2-жарты жылдықта жоспар бойынша жұмыс жалғастырылады.  
 
 
Мектеп директоры                                 А.Баяхан 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив