Тәлімгердің жас маманмен І жарты жылдықта жүргізілген жұмысының есебі » Қарабұлақ орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тәлімгердің жас маманмен І жарты жылдықта жүргізілген жұмысының есебі
20
март
2022

Тәлімгердің жас маманмен І жарты жылдықта жүргізілген жұмысының есебі

Тәлімгердің жас маманмен І жарты жылдықта 
 жүргізілген жұмысының есебі 
 
 
Тәлімгер - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, зерттеуші-педагог Р.Махамбетова 
 
2020-2021 оқу жылында жас маман – бастауыш сынып мұғалімі Веретенникова Алена Андреевнаға тәлімгер болып бекітілдім.  
Ең алдымен жас маманды педагог жұмыстары, ережелері, бұйрықтармен және ӘНХ-пен таныстырып өттім. 
Жас маман Веретенникова Алена Андреевна өз жұмысына тиянақты, ұқыпты қарайтын, жаңашылдыққа бейім жас ұстаз. 
Оқу жылының басында жас маманмен жылдық және айлық жұмыс жоспарлары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. 
Жүргізілген кеңестер мен әңгімелер арқылы перспективалық, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға, сабақ өткізуге көмек көрсетілді, күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарлары, әзірлеу және қолдану, дидактикалық материалдарды, жаңа технологияларды сабақта қолдану жолдары  анықталды.  
Алена Андреевна алғаш рет ұстаздық жолды бастап отырғандықтан, күнтізбелік тақырыптық жоспар, күнделікті сабақ жоспарын құруда тәлімгерілік тарапынан біраз қолдау, көмек көрсетілді, күнделікті сабақ жоспарларын 130 бұйрыққа сай бірігіп жасадық. Сонымен қатар, бағалау талаптарымен, критерийлеріменКүнделік.кз журнал талаптарымен таныстырдым. 
Сабақ түрлері мен оларды саралау жолдарымен, әр түрлі бастауыш сыныптарға арналған әдіс-тәсілдермен таныстырып, АКТ-ны өз  сабағында  тиімді  қолдануға бағыт-бағдар  бердім. 
Жас маманға өзара сабаққа кіруге жоспар құрылды. Сабақтарға кірген соң жас маманмен кәсіби байланыс жасалды. Өз сабағы мен тәлімгердің сабағын салыстыра отырып, өз тәжірибесіне нені жетілдіру керектігін өзі анықтап отырды. Жас маман бастауыш сынып мұғалімдері Т.И.ГрищенкоЕ.В.ВоробьеваЛ.М.Фоминыхтардың сабақтарына кіріп, өзіне қажетті әдіс-тәсілдерді анықтады. 
Өз тарапымнан жас маманның бірнеше сабақтарына да кірдім. Жас маманның алғашқы сабағына сыни көзбен қарау мақсатында емес, үйрету, бағыттау мақсатында қатыстым.  Тексеру жұмыстары кемшілік іздеу бағытында емес, түзету бағытында жүргізілсе және мектепке келген жас маманға үнемі қолдау көрсетіп отырса, нағыз шебер ұстаз болып қалыптасуына бағыт беру бағытында жүргізілді. Мектептің жақсы нәтиже көрсетуіне жас маманның да алар орны ерекше. 
Тәрбие жұмысы бағыты бойынша да жас маманға көмек берілді, тәрбие жұмысы жоспарын дайындауда, сыныптағы білім алушылармен қалай тіл табысып, жұмыс жасауға. 
Негізгі пндеп бойынша БЖБ, ТЖБ-ның ерекшеліктерімен, сынып мониторингін, қорытынды жасауда әдістемелік көмек көрсеттім.  
Веретенникова А.А. аудандық, облыстық жас мамандарға арналған вебинарларға қатысты. Тәлімгерлердің іс-тәжірибелерімен танысты. Оның ішінде өзімде тәлімгер ретінде жас мамандарға арналған аудандық вебинарда «Қысқа мерзімді жоспарды жасаудың ерекшеліктері» тақырыбында іс-тәжірибеммен бөлістім. 
Желілік қауымдастықтағы «Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу сауаттылығын дамытуда (PRILS) қолданылатын әдіс-тәсілдері» атты мектепбіміздің вебинарына тыңдаушы ретінде қатысты. 
Ол оқушыларымен облыстық "Рисунки Комиксы" байқауына қатысты. 
Жас маманмен аудиториялық, онлайн түрінде де тығыз қарым-қатынастамыз 
Жас маман мектеп мұғалімдерімен тез тіл табысып кетті. Мінезі жайдары, жұмсақ, биязы. 
І жарты жылдықтағы жасалған жұмыс нәтижелері келесі жарты жылдықта он бағасын береді деп ойлаймын. Себебі жас маманға 1-тоқсанда пандемияға байланысты қашықтықтан оқудан кейін олқылықтары басым бастауыш сынып оқушыларын оқыту қиындық тудырды. Әрі жаңа жас мұғалімге сынып оқушылары да бірден үйренісе алмай кетті. Дегенмен, 2-ші тоқсанда салыстырмалы түрде көрсетілген әдістемелік көмектің нәтижесінде оқушылардың белсенділігі, оқуға деген ынтасы, білім сапасы оң нәтижесін көрсеткендей. 
Екінші жарты жылдықта апталықтар, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланған. Жалпы айтқанда жас маман Веретенникова Алена Андреевна жұмысын жақсы көреді, алдағы уақытта бірігіп көптеген жұмыстар жүргізіледі деп сенемін. 
 
Алдағы уақытта қойылатын міндеттер:  
 
• жас педагог құзыреттілігін дамыту мәселелері бойынша зияткерлік және шығармашылық әлеуетін сабақтарында қолданысқа енгізу.  
 
• зерттеу және тәжірибелік кезеңінде сабаққа қажетті тиімді әдістерін дұрыс жолмен бағыттау, оқушылармен жұмыс істеу деңгейінде әртүрлі ынталандыруды қамтамасыз ету; оқушылардың бүкіл сабақ бойы рефлексия мен өзін-өзі бақылауын ұйымдастыру.  
 
Тәлімгер Махамбетова Р.Қ. 
 
 
 
 
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив