«Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құру және талдау құжаттары бойынша әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында офлайн форматта семинар өткізді. » Қарабұлақ орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құру және талдау құжаттары бойынша әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында офлайн форматта семинар өткізді.
22
октябрь
2020

«Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құру және талдау құжаттары бойынша әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында офлайн форматта семинар өткізді.

2020 жылдың 22 қазан күні Қарабұлақ орта мектебі жетекші мектеп ретінде серіктес мектептер - Балпық би атындағы орта мектеп және Мичурин атындағы негізгі орта мектептерімен «Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құру және талдау құжаттары бойынша әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында офлайн форматта семинар өткізді. Семинарға үш мектептен мектеп әдіскерлері, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері, сертификатталған мұғалімдер және пән мұғалімдері - барлығы 35 мұғалім қатысты. 
Қарабұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.К.Калиолданова «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ТЖБ құру ерекшеліктері»  туралы слайд арқылы таныстырып, мұғалімдерің көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Балпық би атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Әділхан Тілеужан «Onlinemektep.org платформасында ТЖБ-ны жүргізу тәсілдері» туралы теориялық және практика жүзінде ТЖБ-ны онлайн.мектеп платформасында қалай құруға болатындығы жөнінде көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Келесі кезекте Мичурин атындағы негізгі орта мектетің бастауыш сынып мұғалімі М.Г.Кудеринова «ТЖБ-ны бастауыш сыныптардың әдебиет сабағында колдану кағидаттары» атты презентациясын көрсетіп, бастауыш сыныптың тоқсандық жиынтық бағалауды жүргізудегі өзіндік ерекшеліктерімен таныстырды. 
Биылғы оқу жылынан бастап, жиынтық бағалаудың модерациясы жаңа форматта жүргізіле бастағанын, яғни Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрыққа негізделіп өткізетіндігі туралы Қарабұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жетекші мектептің жетекшісі Р.Махамбетова «Жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау туралы мәліметтер» тақырыбында таныстырылым жасап, оны қалай жүргізу керектігін, неге негізделу керектігі туралы түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті.









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив